Жарияланды: 24.11.2022

Ішкі істер органынан зейнеткерлікке шыққан кәсіби маман

 

 

Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков пен жеке құрам қызметкерлері ҚР ІІО-да өз қызметін абыроймен атқарған полиция майоры Амангелді Бекмановты құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Бөлімде арнайы шара ұйымдастырылып, ардагерге сый-сияпаттар табысталды.

Амангелді Бекманов алғашқы еңбек жолын 1996 жылы Жетісай ауданының ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып бастаған. Ол өз қызметінде талай атышулы істерді абыроймен, кәсіби шеберлікпен ашып, басшылық тарапынан марапат-мадақтарға ие болған. Өзінің кәсібилігімен қызметке жаңадан орналасқан жас мамандарға үлгілі ұстаз бола білді. Әрдайым қызметте қажетті ақыл-кеңестерімен бөлісіп, әріптестерінің шыңдалуларына септігін тигізді.

Абыроймен құрметті демалысқа шыққан қызметкерге Жетісай АПБ-ның бастығы полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков өзінің жүрек жарды лебізін жеткізді.

 

419 қаралым