Түркістан облысының Әділет департаментінде нотариустардың, адвокаттардың, заң консультанттардың және сот орындаушыларының қатысуларымен бірлескен «Әділет кеңес береді» акциясы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығына арттыру мақсатында, мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде алимент өндіріп алу, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алу, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға заң көмегін көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау өткізіледі. Аталмыш бағыттағы акция жыл құрғатпай өткізіледі. Дәстүрлі түре өтетін шараға облыс тұрғындары арнайы келеді. Әсіресе, қарызды қайтару, банктік несиелерді жабу секілді мәселелермен келген тұрғындардың санында шек болмайды. Мұндай қабылдаулар қарапайым тұрғындар үшін аса қажетті екені акция барысында анықталды. Сондай-ақ, азаматтарға әділет департаментінің қызметкерлері түрлі сұрақтар бойынша кеңестер беріліп, Қазақстан Республикасы заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіреді. Аталмыш шараның қалың көпшілікке көрсетер көмегі көп.