Жарияланды: 25.11.2022

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтын алдын-алу үшін…

 

Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен  Қарнақ ауылында түнгі рейдттік шаралар жүргізілді.

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтын алдын-алу мақсатында   мектеп инспекторлары мен мектеп ұстаздары Қарнақ ауылындағы барлық кафе-дүкендер мен ойын-сауық орындарына түнгі рейд жүргізді.

Рейдттік жұмыстың мақсаты қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, жастардың беймезгіл уақытта жүрмеуін қадағалау және де бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігін күшейту болып табылады.

Түнгі рейд барысында кәмелет жасқа толмаған оқушыларға сағат түнгі 22-00-ден кейін заңды өкілінсіз қабылдамауларын және сағат 23-00-ден кейін сауда жасамауларын заңды түрде түсіндіріп өтті.

 

546 қаралым