Жарияланды: 25.11.2022

 «Балалар қауіпсіздігі» рейдтік іс-шарасы жүргізілуде

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен Кентау қаласының аумағында «Балалар қауіпсіздігі» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға қала прокуратурасының прокуроры Б.Абилкасымов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары А.Байболова, қалалық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Б.Янкин, қалалық ішкі саясат, білім бөлімі басшылары мен мамандары және ювиналды полиция тобының инспекторлары қатысты.

Рейдтік іс-шараның мақсаты жасөспірімдер мен кәмелет жасқа толмаған балалардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарындағы көшеде жүруін болдырмау болып табылады.

Жүргізілгелген рейдтік іс-шара барысында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 11 жасөспірім анықталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ, заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Аталған іс-шара алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

 

425 қаралым