Жарияланды: 30.07.2018

Экономикалық даму көрсеткіші жоғары

Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаевтың төрағалығымен өткiзiлген апталық мәжiлiсте әкiмдiкке қарасты дербес бөлiмдердiң 6 айлық есебiнiң қорытындысы бойынша жоспарға сай көрсеткiштердiң орындалу барысының нәтижесi талқыланды. Мәжiлiсте өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы барысында осы күнге дейiн атқарылған жоспарлы жұмыстармен қатар, қаланың әлеуетiн арттыру барысындағы шаралар жан-жақты тақылауға салынып, есептi кезеңге баға берген қала басшысы алда атқарылатын ауқымды тiрлiктердi жүйелеу қажеттiгiн басты назарға алды. Бүгінде экономикалық даму көрсеткіші жоғары. Соның iшiнде облыс орталығы атанған қаладағы әлеуметтiк мәселенi шешуге ерекше басымдық беруде. Сонымен бiрге, шаһар тұрғындары мен қонақтарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылымды дамытумен қатар, абаттандыру жұмыстарына қарқын беру қажеттiгiн жеткiздi. Оған қоса, тиiстi құрылымдардың туризм саласын дамытуға басымдық беру қажеттiгiн, сервистiк қызметтi дамытуға ерекше ден қоюды тапсырды. Мәжiлiс барысында экономика бөлiмiнiң талдауымен жасалған 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының 2018 жылдың 6 айында орындалу барысы мен салалар бойынша көрсеткiштердiң нәтижесi туралы талдау баяндалды. Сондай-ақ, қала басшысы барлық бөлiмдердiң жұмыс жоспары мен атқарып жатқан бағыттарының тиiмдiлiгiн ескерiп, кадрлық балансты қалыптастыру жүйесiн бiр iзге қою үшiн, жауапты салаларға талдау жұмыстарын жүргiзiп, нәтижелi шешiм қабылдау мақсатында ұсыныстар әзiрлеудi тапсырды.

«Түркiстан-ақпарат»

1 070 қаралым