Жарияланды: 26.11.2022

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау басты назарда

 

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында бизнес субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбахыт Иманқұловтың төрағалық етуімен бірыңғай есеп беру күні өтті. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып,бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу және жүйелі шешімдер даярлау мәселелерін талқылады.

Мақсаты, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен талқылау және кері байланыс қалыптастыру, жаңалықтар мен өзгерістер туралы баяндау, әрі мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша міндетті талаптардың бұзылуын алдын-алу болып табылады.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің төрағасы Орынбасар Кабиштаев биылғы 10 айда жалпы тексерулердің саны 4915, оның 532-сі кәсіпкерлік субъектісіне қатысты, ерекше тәртіп бойынша — 116, жоспардан тыс тексеру саны — 412, бұның ішінде жүргізілген тексерулердің 45%-да құқық бұзушылық анықталмағандығын айтып өтті.

Сонымен қатар, онлайн форматта аудандардан қатысқан кәсіпкерлер өз тарапынан біршама өзекті мәселелерін ортаға салды. Кәсіпкерлердің сұрақтарына мардымды жауап алынып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Біріңғай есеп беру күнінде санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы, мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері, төтенше жағдайлар департаменті өкілдері, облыс прокуратурасының өкілдері де баяндама жасады.

Бизнесті қорғау экожүйесін дамыту және тартымды бизнес-ахуалды қалыптастыруды одан әрі жақсарту мақсатында біз бизнестің құқығын қорғау бағытында жұмыс жасайтын боламыз, соңғы жылдары бизнесті қолдау мақсатында көптеген бастамалар іске асырылуда, — деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Аслан Ибадуллаев.

 

 

499 қаралым