Жарияланды: 05.11.2022

Балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналармен кездесу өтті

2022 жылдың 4 қараша күні №1 Шымкент қалалық емханасы мәжіліс залында, балаларына екпе салудан бас тартқан ата-аналармен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.

 
Кіріспе сөзді емхана бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау ісі жөніндегі орынбасры Д.Т.Қазахбаева ашып, кездесуге келген Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Рахымжан Абдувахидұлын таныстырып өтті. Жиналудың себебі жоспарлы екпе салудан бас тартушылармен екпе салудың маңыздылығына тоқталып түсіндіру жұмыстарын осы Дін істері басқармасынан келіп отырған, екпе жұмысын жүргізетін дәрігерлермен медбикелерге қойылатын сұрақ жауап ретінде жүргізілетіндігіне тоқталып өтті.
 
Жұқпалы аурулардың вакцинамен игерілетін ауру екендігіне тоқталып, ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша екпе жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес жоспарлы екпелер жүргізілетінін айтты. Жұқпалы аурулардың мүгедектікке, өлімдік жағдайға және де көп ауқымды қамтып, аурулардың өршуіне алып келетіндігіне тоқталып өтті. Вакцина салудың арқасында көптеген жұқпалы аурулардың дифтерия, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит ауруларының жоқтығын айтты.
 
 Байдыбекова З, иммунолог дәрігер, Халыққа профилактикалық екпені жүргізуге қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ҰЭМ-нің 2018ж 13. 06. №361 бұйрығы негізінде жүргізілетінін айтты .Осы вакцинация жасаудың арқасында көптеген аурулардың азайып, мүлдем тіркелмей жатқаны туралы, мысалы. Вирустық гепатит А ға қарсы вакцина салғалы бері аурырған жоқ, вакцина алмағандар арасында бірен-сараң кездеседі. Қызылшаға қарсы вакцина 1 жаста және 6 жаста салынады. Бірақ осы вакцинаны алудан бас тартушылардың көбеюіне байланысты аурушаңдық кездеседі.Мысалы: қызылшаға қарсы вакцина алған аналардың иммунитеті жаңа туған балаларына беріліп, оларды 1 жасқа дейін қорғайды.
 
Рахымжан Абдувахидұлы, дін істері басқармасы маманы, Екпе салудың шариғат жолына қайшы келмейтінін, екпе бойынша сұрақтар туындағанда дәрігер мамандарына жүгіну керектігін айтып өтті.
 
Жиын соңы сұрақ-жауапқа жалғасты.
 
Сұрақ:1.Менің балам үшін вакциналар қауіпсіз бе?
Жауап. Вакциналар салмас бұрын бірнеше жылдар бойы зерделеуден өтіп,содан кейін ғана салуға рұқсат беріледі.
Сұрақ:2.Баламның қызылша ауруын жұқтыру қаупі қаншалықты жоғары?
Жауап.Ия,егер балаңыз екпе алмаған болса ,онда жұқтыру қаупі жоғары.
Сұрақ:3.Вакцина алғаннан кейін реакция беруі мүмкін бе?
Жауап.:Вакцина салғаннан кейін міндетті түрде емханада дәрігердің бақылауында 30 минут болады.Инактивированный вакцинадан кейін 3 күн , тірі вакцинадан кейін 5-ші және 10-шы күндері учаскелік дәрігер мен медбикенің бақылауында болады. Кейбір балаларда иньекция орнының ауырсынуы,қызаруы және ауырсыну, дене қызуының көтерілуі болады.Бұл қалыпты жағдай.
Кездесу соңында видеоролик көрсетіліп, буклеттер,парақшалар таратылды.
519 қаралым