Жарияланды: 28.11.2022

Арнайы ескертпе парақшалары тарқатылды

 

Көліктегі полиция департаментінің нұсқаулығымен,  темір жол аумағындағы профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша, Түркістан облысына қарасты Арыс 1 ст. ЖПБ ӘПб ҚПт-нің аға инспекторы полиция капитаны Б.Акмулдаев, полиция аға лейтенанты А.Елеман және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлімше инспекторы С.Қалмаханның қатысуымен Арыс-2 вокзал аумағы мен қала тұрғындарына темір жол аса қауіпті аймақ екендігін ескерте отырып, белгіленген төсеме мен аспа көпір арқылы өту керектігі, қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде сақтау,кәмелет жасына толмаған жасөспірім балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы ескертпе парақшалары тарқатылды. Мына ережені әрдайым есте сақтаңыз: қоғамдық орындарды ластауға, жүріп бара жатқан поезға, вагонга жабысуға, тоқтап тұрған жүк пойызының үстіне шығуға, өтіп бара жатқан жолаушылар пойызының терезесіне тас лақтыруға, вагон астынан өтуге, теміржол бойында жүруге, ойнауға, келе жатқан пойыздың алдын кесіп өтуге,жүгіріп өтуге, қата тиым салынатындығын ескертті.

 

319 қаралым