Жарияланды: 28.11.2022

Тараптар медиация тәртібімен келісімге келді

 

 

Дауласушы екі тарапты келісімге келтіруде медиаторлардың ролі зор болып тұр. Түркістан облысына қарасты Келес аудандық сотында талап қоюшы Н. сотқа келтірген талап қою арызында, жауапкер С-дан бала үш жасқа толғанға дейін өзіне алимент өндіруді сұраған.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен келісімге келіп, дауды реттеу туралы сотқа жазбаша келісімді ұсынып, ол келісімді бекітуді сұрап арызданған.

Тараптардың арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге сәйкес, жауапкер С 2021 жылғы 11 қарашада туылған ортақ баласы үш жасқа толғанша, яғни 2024 жылғы 11 қарашаға дейін, әр ай сайын, әр айдың 1 не дейін, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент төлейтін болып міндеттенген.

Өз кезегінде талап қоюшы жауапкер алған міндеттемемен келісіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді және азаматтық істі тоқтатуды сұраған.

Тараптардың араларында жасасқан медиациялық келісімі заңға қайшы келмейді немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды.

Соттың ұйғарымымен тараптардың араларында түзілген медиациялық келісімі бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

 

 

 

467 қаралым