Жарияланды: 28.11.2022

Азаматтарды қабылдады

 

Түркістан облысына қарасты  Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы Е.Киргизов атқарушылық іс жүргізу сұрақтары бойынша келіп түскен арыз-шағымдардың санын азайту мақсатында азаматтарды қабылдады. Жеке қабылдау барысында, сот актілерінің орындалуы бойынша борышкерлер мен өндіріп алушылардың құқықтары мен міндеттері, өндіріп алушылардың өтініші бойынша атқару құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау, алимент өндіріп алу туралы құқықтық ақпарат бойынша азаматтарға кеңестер берілді.

 

Қазіргі таңда атқарушылық жазбаларын жасау тәжірбиесі қалыптасты, оның жасалуын реттейтін нормаларды іске асырудағы тиімді жақтары мен проблемалары анықталды.  Атқарушылық жазба институты даусыз сипаттағы талаптарды тез және тиімді шешуді қамтамасыз етуге қабілетті маңызды құқықтық құралдардың бірі болып табылады, құқықтық инфрақұрылымның ажырамас бөлігі болып табылатын және бірқатар құқық қорғау институттарына жататын нотариусқа оның функцияларын орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін азаматтық айналымдағы кредиторлардың мүдделерін қорғау құралы.

Атқарушылық жазба Қазақстан Республикасының Конституциясына және онда белгіленген меншік құқығын қорғау принциптеріне қайшы келмейді.

Бұдан басқа, атқарушылық жазба меншік құқығын қорғаудың халықаралық-құқықтық тәсілдеріне сәйкес келеді және соттарды даусыз сипаттағы істерден босату жолдарын іздеу үрдісіне сәйкес келеді.

Өндіріп алушының борышкерге қоятын талаптарының даусыздығы нотариустың атқарушылық жазбаны жасауының негізгі шарты болып табылады және өндіріп алушы берген және қойылатын талаптардың даусыздығын растайтын құжаттар бойынша анықталады. Нотариус ұсынылған құжаттар бойынша талаптардың даусыздығын ғана тексереді.

Нотариус өндіріп алушыдан қарыздың болу фактісін, сондай-ақ оның мөлшері бойынша Тараптар арасында даудың бар-жоғын анықтауға тиіс. Осыған байланысты өндіріп алушы тиісті құжаттарды, мысалы, берешек фактісінің болуын растау үшін тараптар арасында жасалған шартты: белгілі бір күнге шарт бойынша берешек тараптарының салыстыру актісін, міндеттемені бұзу не борышты тану фактісі бойынша тараптардың хат алысуын немесе т. б. өзара есеп айырысу туралы құжаттарды ұсынуы тиіс.

Борышкер міндеттемені орындауды немесе өндіріп алушының берешектерін бұзуды даулаған кезде, нотариустың атқарушылық жазба жасауға құқығы жоқ және өндіріп алушыға дауды шешу үшін сотқа жүгіну құқығын түсіндіруге тиіс.

 

Осы және өзге де құқықтар туралы сот орындаушысы тереңірек таныстырды. Құқықтық негізде кеңес беретін мұндай шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылып тұратын болады.

319 қаралым