ҚР Президенті Әкімшілігінің 28 қаңтардағы Үкіметке берген тапсырмасына орай, Әділет министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы №269 бұйрығымен «2022-2024 жылдарға арналған «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары аясында және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Президент әкімшілігімен, Премьер-Министрмен келісіліп және Бас Прокурормен бекітілген мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар кешенін іске асыру бағытында Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы Атакент кентінің әкімшілігінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіліп, түсіндірмелік жұмыстары жеке адвокаттың, жеке дара нотариустың қатысуларымен өткізілді.
Сонымен қатар, «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына сәйкес «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары туралы айтылып, кездесуге келгендердің назарына жеткізілді.