Жарияланды: 29.11.2022

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасының аспектілері

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заң жобасын әзірледі, ол елдің ақпараттық алаңында белсенді талқылануда және мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталуда, Тұиынушылардың құқығын қорғау қызметінің өзекті оқиғалары мен жаңалықтары, ел тұтынушылары осы ведомствоның интернет-ресурстарын игере алады. Бүгінде Түркістан облыстық Тұтынушылар құқығы қорғау департаменті мамандары да осы тарапта жұмыс атқаруда. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасына қайта оралсақ, оның негізгі аспектілерін атап өткен жөн:

 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу жолымен қоғамдық институттардың әлеуметтік – саяси ықпалын кеңейту, Омбудсмен институтының салалық мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге міндетті қатысуы арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаты, Келісімшарттарда тұтынушылардың құқықтарын бұзатын немесе осындай бұзушылықтарға әкелуі мүмкін шарттарды болдырмау жөніндегі ведомствоның ескерту функциялары, Қашықтықтағы сауда (электрондық сауда) сегментіндегі қоғамдық қатынастарды реттеуді күндізгі сауда нысанымен нүктелік синхрондау, Азаматтардың қабылдауы үшін қарапайым және ыңғайлы заң мәтінін қабылдау арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы қазақстандықтардың толғандыратын мәселелерін, қазіргі уақыттағы тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты және тиімді қорғауға қол жеткізу үшін барлық салалардың сарапшылық және ғылыми пікірін ескере отырып, жаңа редакцияда қабылданатын болады.

 

273 қаралым