Жарияланды: 29.11.2022

Жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру керектігін айтты

 

Түркістан облысына қарасты Отырар аудан әкімі С.Сұлтанхановтың тапсырмасына және аудандық ішкі саясат бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес аудан көлемінде қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу, Құқық бұзушылықтың алдын алу, жастар саясатын жүзеге асыру барысы және өзге де қоғамдық мәселелер бойынша өткен келелі жиын бүгін Қарақоңыр, Темір, Қарғалы, Отырар ауыл округтерінде жалғасын тапты.

Кездесуге ауыл окугінің әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, мектеп директорлары, қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық полиция бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жауапты мамандары, ауыл билері мен ардагерлер, әйелдер кеңесінің төрайымдары мен белсенді жастар, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция лейтенанты Зүбайра Надирова мен аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Досанов баяндама жасады.

Кездесу барысында аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов ауылдардағы өзекті мәселелерді анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырудың маңыздылығын айта келе, әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру жолында халықтың жаңа сенім мандаты қажет екенін атап өтті. Ол өз сөзінде: «Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халықтың көкейінде жүрген көтеген мәселелерді қозғады. Әсіресе, белсенді жастарымызға жасалатын қолдау түрлері, оларға мөлшерлемесі төмен несие беру, реформаларды жүзеге асырудың жаңаша тетіктерін енгізу, әлеуметтік көмек түрлерін ұлғайта отырып, халықтың табысын арт¬тыру мәселелері қоғам үшін аса өзекті. Алда іске асатын реформалар ауқымды, әрі қамтитын салалары да аз емес. Сондықтан баршаңызды ел болашағы жолында ынтымақпен, жұмыла жұмыс істеуге шақырамын»,-деді.

Жоғарыда аталған өзекті мәселелер бойынша келелі әңгімелер айтылып, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркебұлан Жаймурзаев қорытындылап, күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша ауыл округтерінің әкімдерімен, құқық қорғау органдарының мамандарымен, жастар орталығымен бірлесіп осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру керектігін айтты.

 

 

 

 

 

296 қаралым