Жарияланды: 30.11.2022

Жылқылардың мойнына жарық шағылыстыратын таспалар ілуде

Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларымен болатын жол апатының алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар жылқылардың мойнына жарық шағылыстыратын таспалар ілуде.  Ал ауыл тұрғындары полицейлердің ұсынысын қолдап, көбісі өз малдарына орналастыруда жұмыс жасауда. Бұл таспаның ерекшелігі сол, қараңғы кезде жүргізушілердің көзіне алыстан түседі.  Сондықтан полицейлер жол апатын болдырмауға бағытталған осындай кез келген оңды ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру қажеттігін ескертеді. Елімізде жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін үй жануарларын жарық шағылыстырғыш аэрозольмен таңбалау жоспарланып, жүзеге асыпылуда. Бұл дәл ос бағыттағы жл апаттарының көбейіп кетуінен қолға алынған шара. «Шымкент-Самара» тас жолының бойында автокөліктердің мал қағу жағдайы жиі кездеседі. Елімізде үй жануарларының қа­тысуымен болған жол-көлік оқиғалары жылдан-жылға көбейіп барады. Тек былтырдың өзінде мал қағу деректері бойынша жүзден аса оқиға тіркеліп, салдарынан қы­рық­қа жуық адам қаза тапқан. Жал­пы, мал соғылып, жылына не­ше апат болатыны белгісіз. Се­бебі көлік пен малдың соқтығысуы салдарынан адам­дар зардап шеккенде ғана құ­зырлы органдарда оқиға тіркеледі. Малдың қатысуымен бола­тын жол-көлік оқиғаларының барлық облыстың тасжолдарында орын алады. Тұрғындарға малды қорада ұстап бағу жөнінде түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде.  Аймақтар арасындағы жолдар тегіс, жүргізушілердің көлік жүр­гізу мәдениеті болмаса, жол-көлік оқиғалары азаймайды. Оған ірі қара малдың қатысуымен болатын оқиғаларды қосыңыз. 

 

569 қаралым