Жарияланды: 30.11.2022

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды көздейтін әлеуметтік бейнеролик ұсынылды

 

 «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы» тақырыбы аясында Түркістан қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен мақсатты кездесу өтті.

Шараның негізгі мақсаты — мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында адал қызмет етудің маңыздылығын түсіндіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, құқықбұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің бойында ар тазалығы мен адалдық құндылықтарын қалыптастыру.

Алқалы жиынға ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А.Идрисова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары С.Асылбек, «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауының жеңімпазы М.Мырзасейітов арнайы қатысты.

Келелі шарада спикерлер сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, әдеп нормаларын қатаң сақтау, елге адал қызмет ету, әділ шешім қабылдау, ар тазалығын биік қою және бармақ басты, көз қысты әрекеттерден алшақ жүру қажеттігі бойынша түсіндіру шараларын жүргізді.

Мақсатты жиын соңында «ISO 37001: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс қызметі» мен мемлекеттік қызметшінің кәсіби біліктілік деңгейін арттыру мәселелері талқыланып, жиынға қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды көздейтін арнайы әлеуметтік бейнеролик ұсынылды.

 

452 қаралым