Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) азаматтарға құқықтық көмек көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсететін «Адал көмек» жобасын жүргізіп келеді.
Келелі жобаның негізгі мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.
Жұртшылықпен оң бағаланған аталмыш жобаның жалғасымен өткен кезекті іс-шара Түркістан қаласы әкімдігінің «Халықтық кеңсесінде» тұрғын үй және жер салаларындағы проблемалы мәселелерге байланысты мемлекеттік орган өкілдері өңір тұрғындарын толғантқан мәселелеріне құлақ түріп, олардың шешу жолында азаматтармен кері байланыс орнатып, құқықтық кеңестер берді.
Тұрғындарға құқықтық кеңес беру шарасында Департаментпен бірлесіп, Түркістан қаласы әкім аппараты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы /жылжымайтын мүлік, кадастр бойынша/, Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі, Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі және тұрғын үй инспекциясының өкілдері қатысты.
Шараға қатысқан азаматтардың негізгі мәселелері зейнеткер ретінде тұрғын үй кезегіне тұру, мүгедектігіне байланысты тұрғын үй кезегіне тұру, тұрғын үйіне мемлекеттік акті алу және тұрғын үй салу үшін жер алу мәселелеріне қатысты болды. Тұрғындарға заң шеңберінде түсіндірмелер берілді.
Іс — шараға келген азаматтарға мамандармен заң асында құқықтық кеңестер және бірқатар азаматтарға тұрғын үй алу үшін тұрған кезегінің реттік нөмірі туралы мәліметтер берілді.
Айта кетейік, «Адал көмек» жобасы аясындағы іс-шаралар жыл соңына дейін айына екі рет тұрғындардың келуіне қолайлы, жұртшылық көп шоғырланатын орындарда өтетін болады.