Жарияланды: 30.11.2022

Кәсіби медиатордың куәландырылған медиативтік келісім ұсынылды

 

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған азаматша Н.-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды. Бұл туралы Түркістан облысына қарасты Сайрам аудандық соты хабарлады.

 

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы Н.  сағат 11:30 шамасында жәбірленуші Е.-нің атына рәсімделген «Mercedes Benz» маркалы тіркеу нөмірі ХХХХХХ санды автокөлігін, сыртқы жөндету жұмыстарын жасату мақсатында қалдырған. Содан,  сағат 18:30 шамасында сотталушы Н.-ге, Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылына бару қажеттілігі туындап, масаң күйде көлік құралдарын жүргізуге құқығы жоқ бола тұра, жөндеу жұмыстарын жасатуға қалдырған Е.-нің меншігіндегі «Mercedes Benz» маркалы тіркеу нөмірі ХХХХХХХ санды автокөлігін жымқыру мақсатынсыз айдап кеткен. Сонымен, сотталушы Н. Жәбірленуші Е.-ге тиесілі автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 200-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған. Сотта сотталушы Н. қылмыстық әрекетін толығымен мойындап, жәбірленушіге келтірген залалдың орнын толтырғанын, кешірім бергенін, татуласқанын, алдағы уақытта мұндай әрекеттер жасамайтынын көрсетіп, қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.

Осылайша, сотталушы Н. жәбірленуші Е.-ге мүліктік шығын келтірген. Алайда, сотқа кәсіби медиатордың куәландырылған медиативтік келісім ұсынылған. Медиативтік келісімге сәйкес, жәбірленуші мен сотталушы татуласқан. Шығын қалпына келтіріліп, жәбірленуші айыпталушыға ешқандай талап қоймады.

Осының негізінде сот қаулысымен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа берілген сотталушы Н. жәбірленушімен татуласуына байланысты ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

 

523 қаралым