Жарияланды: 30.11.2022

Арнайы әзірленген жадынамалар таратылды

Заман ағымына қарай алаяқтық қылмысы сан түрленіп, мың құбылып тұр. Бүгінде нарық пен маркетингтің әліпбиін мықты меңгеріп алғандар «аңқау елге арамза молданың» кебін киіп жүр. Алаяқтықтың көбейгенін айтып, алдын алу жұмыстары жүргізіліп, түсіндіріп жатса да қақпанға түсіп қалатындардың қатары азаймай тұр. Қоғамда табыс табудың түрлі жолдарымен қоса, алаяқтық жүйелердің бірқатар әдіс-тәсілдері шығып жатыр. Қазақстанда қаржы пирамидасын жарнамалау қылмыс деп танылып, пирамида құрғандар үшін жауапкершілік күшейтілді.  Соңғы бірер жылда қаржы пирамидасының құрығына түскен қазақстандықтардың қатары күрт артты. Оңай жолмен тезірек байығысы келген кейбір тұрғындар әй-шәйға қарамастан жинап-терген бар ақшасын күмәнді компаниялардың шотына салып жатыр. Ақыр соңында құқық қорғау органдарына арызданумен ақталуда…

 

Бүгін Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің қызметкерлерімен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министрмен келісіліп және Бас Прокурормен бекітілген мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар кешенінің тармақтарына сәйкес, аудан тұрғындарына алаяқтық пен қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимыл бойынша әзірленген жадынамалар таратылды.

308 қаралым