Жарияланды: 30.11.2022

 5 әкімшілік хаттамасы төленбеген көлік иесі анықталды

 

Түркістан облысына қарасты Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мемлекетке айыппұл берешегі бар және салық төлемдерді төлемеген азаматтарды, сондай-ақ көлік жүргізушілерін тексеру, оларға ескерту жұмыстарын жүргізу мақсатында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Осы бағытта Шардара ауданы аумағында рейдтік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер мен жеке сот орындаушылары бірлесе отырып, 5 миллион теңгеге жуық қаражат өндірді. Сонымен қатар тәртіп сақшыларымен айыппұлдары төленбеген 301 автокөлікті анықтады. Оның ішінде 27 автокөлік айыптұраққа койылды.

Мәселен «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде көше бойынан «ВАЗ 2107» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Аталған автокөліктің жалпы сомасы 82 мыңды құрайтын 5 әкімшілік хаттамасы төленбегені белгілі болды. Осы ретте жүргізушіге заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тиісінше жүргізушіден жол ережесін бұзып арқалаған берешегі өндірілді.

 

569 қаралым