Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы «Ордабасы» жалпы орта мектебінде Ордабасы ауданының бас имамы А.Керімбаев Бадам ауылына қарасты ,,Садық ата,, мешітінің имамы Б.Ағыбаевтың Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту білім бөлімінің әдіскері Ұ. Мұратбектің қатысумен 8-9-11 сынып оқушыларының арасында ,,Жасөспірімдер арасында теріс ағымдардың ықпалының алдын алу», жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыс өтті. Оқушылар мектептің ішкі тәртібіне бағыну керектігі айтылды. Және оқушыларды өзге жат ағымның, жетегіне кетпес үшін арнайы рұқсат етілген сайттарды қарауға, кітаптарды оқуды айта келе, діни экстремизмге жол берілмеу керек екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушыларға мектеп формасының ережесі, оқушылардың міндеттері, тәртіп туралы ережелермен таныстырды.