Жарияланды: 01.12.2022

Төрт түлікке түнгі уақытта жарық бергіш таспалар ілдіріп жатыр

 

Қазіргі таңда мал ұрлығымен жол көлік оқиғалары ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы орайда Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары аудан аумағындағы мал ұрлығымен жол көлік оқиғаларының алдын-алу және болдырмау мақсатында, аудан тұрғындарының ірі қара малдарына, ұсақ малдарына және жылқыларына толық түнгі уақытта жарық бергіш таспаларын (светоотражающие ленты) ілдіру үшін және малдарын қараусыз жібермеу жөнінде тиісті профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Бұдан бөлек, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен 2022 жылдың 10 айында, мал ұрлығының алдын алу және болдырмау мақсатында, профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында, 1075 — мал тасымалдаушы автокөліктер мен 3025-малдар тексерілген. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 406 бабында /ҚР ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу/ көзделген құқық бұзушылыққа жол бергені үшін 76 тұлғаға, яғни мал иесіне әкімшілік шара көру мақсатында ауданның аумақ инспекция бөліміне ұсыныстар жолданып, ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабы /Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу/ бойынша 613 тұлғаға, яғни мал иесіне, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары  мал ұрлығы мен жол көлік оқиғаларының алдын-алу және болдырмау мақсатында, ірі қара — ұсақ малдарыңызға және жылқыларға толық түнгі уақытта жарық бергіш таспаларын (светоотражающие ленты) ілулеріңізді және малдарыңызлы қараусыз жібермеуды сұранып отыр.

 

402 қаралым