Жарияланды: 01.12.2022

Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстар алдағы уақытта жандандырылатынын айтты

 

 

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округіндегі С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  9-11 сынып оқушылары мен дінтану пәні мұғалімі қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, жасөспірімдер арасындағы теріс ағымдардың ықпалын алдын алу бойынша өткізілген кездесу болды. Кездесуге қатысқандар Ордабасы ауданының бас имамы Керімбаев Айдос, Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Ұ. Мұратбек. С. Сейфуллин жалпы орта мектебінің дінтану пәні мұғалімі С. Усимова мен және 9-11 сынып оқушылары. ДТІЖО Г. Исатаева мен Б. Бажиков қатысты. Кездесудің мақсаты — жасөспірімдер арасында теріс ағымдардың ықпалын алдын алу бойынша және дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу болып табылады. Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Ұ. Мұратбекке ұсынды. Өз сөз кезегінде Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту білім бөлімінің әдіскері Ұ. Мұратбек сөз алып, Қ.Р. Білім және Ғылым министрінің 14 қаңтар 2016 жылғы №26 бұйрығындағы мектеп формасын кию туралы талаптарымен таныстырды. Мектеп мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша мектеп оқушыларының формасы көк түс екені белгілілі екенін түсіндірді. Ұл балаларға көк түсті костюм шалбар, ақ кофта кию керек. Мектепте түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтындығын, хиджап, никаб, паранджа, қалпақ, әр түрлі түсті орамалдар салуға, алқа, крест тағы басқа заттарды тағуға тиым салынатындығын айтып өтті. Оқушылар мектептің ішкі тәртібіне бағну керектігі айтылды. Және оқушыларды өзге жат ағымның жетегіне кетпес үшін арнайы рұқсат етілген сайттарды қарауға, кітаптарды оқуды айта келе, діни экстремизмге жол бермеуіміз керек екендігін және алдын алу бойынша жұмыстар алдағы уақытта жандандырылатынын айтты.

 

512 қаралым