Жарияланды: 01.12.2022

Ережені елемегендерге ескерту берілді

 

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтын алдын алу және болдырмау, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүруін қадағалау мақсатында аудандық полиция бөліміні  қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің қатысуымен аудан аумағындағы компьютерлік клубтарға түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілді.  Түнгі рейд шарасының басты мақсаты — өңірдегі жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу. Осы бағытта кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар түнгі дүкендер мен қоғамдық ойын-сауық орындарының әкімшіліктерімен бірлескен шараларды ұдайы ұйымдастырады. Іс-шара барысында қолайсыз отбасылардың мекен-жайларын, базарларды, ойын-сауық орындарын, компьютерлік салондарды, автожанармай құю станциялары, көлік жуатын орындар, техникалық жөндеу орталықтары, бос тұрған ғимараттар, жастар көп жиналатын барлық жерлер қамтылды. 

Түнгі рейд барысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер анықталып, тиісті жұмыстар атқарылып, ата-аналарына ескерту жұмыстары жасалды. Ережені елемегендерге ескерту берілгенімен, екінші жолы қолға түссе мәселе басқаша қаралатындығы да айтылды.

 

350 қаралым