Жарияланды: 01.12.2022

Әкімшілік  құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында жиын өтті

 

Түркістан облысына қарасты  Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрбол Саттаров аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауданға қарасты ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік қызметшілердің қатысуында ҚР Президентінің 22.02.2022 жылғы 814 Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын, құқықбұзушылықтың алдын алу сонымен қатар Мақтаарал ауданының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілген анонимді сауалнама жүргізіліп, анализ қорытындысымен тиісті жұмыстар атқарылуы керектігін ескертті.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықбұзушылықтары бойынша Құқықтық статистика орталығының деректеріне талдау жасалып, алдын алу және болдырмау шараларын ұйымдастыру тапсырылды.

Бұдан бөлек, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрбол Саттаров Иіржар ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында аталмыш бағытта түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп кодексі талаптарының қатаң сақталуы мен халыққа сапалы қызмет көрсетулерін ескертті. Бұдан кейінгі кездесу Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрбол Саттаров Мақтарал ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында ҚР Президентінің 22.02.2022 жылғы №814 Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізді. Аталмыш бағыттағы жиындар аудандағы барлық ауылдық округтерде жалғасын табатын болады.

499 қаралым