Жарияланды: 01.12.2022

«Құқығым бар» тақырыбында эссе жазды

 

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданындағы Береке жалпы орта мектебінде «Бала құқығы-адам құқығы» республикалық он күндік өткізілуде. Бекітілген жоспарға сай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Г. Мырзақұлова және Г.Сүлейменова 8-10 сынып оқушылары арасында «Құқығым бар» тақырыбында эссе жаздырды.  Басты мақсаты — оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру; құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру, ой — өрісін дамыту, адам құқығы туралы Конвенция шарттарын меңгерту; тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту; балалардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру. Оқушыларға құқықтық тәрбие, құқықтық мәдениет туралы терең талдаулар ұсынылып, түсіндірілді. Адам құқығы туралы заң талаптарынан мысалдар келтіріліп терең талдау жүргізілді. Оқушылар осы бағытта өз түсініктері бойынша эссе жазды. Дәл осы саланың маманы болмаса да кез келген адам еліміздің заңдарынан хабары болып, өз құқығын қорғай білуі тиіс. Сондықтан да мектеп оқушыларына құқықтанудан терең білім беру қажет. Оқушылар  өз құқықтарын қалай қорғайтыны туралы тереңірек зерделеп жазды. Мұндай сабақтардың оқушыларға берер тәлім тәрбиелік мәні зор екені рас.

 

6 110 қаралым