Жарияланды: 01.12.2022

Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаудың дерегі анықталды

 

 

Түркістан облысының аумағында  «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсат — құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесуге, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Полицейлер екі тәулік ішінде 30-дан астам қылмысты ашты, оның ішінде ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу», яғни Түркістан қаласында тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаудың 1 дерегін тіркеді. Сондай-ақ бұрын жасалған санаттағы 4 қылмысты ашты.

Көрсетілген кезеңде тәртіп сақшылары 2227 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 608-бабы, мас халде автокөлік басқару бойынша 19 жайт анықталып, тіркелді. Алдағы уақытта құқық бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Бұдан басқа қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша 14 әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» шарасы барысында аулаларда, саябақтарда және адамдар көп жиналатын орындарда рейдтік жұмыстарды жүзеге асырды.

Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша 204 құқық бұзушылық анықталды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 117 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындарға әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіріп, профилактикалық әңгімелесулер жүргізуде.

 

330 қаралым