Жарияланды: 01.12.2022

Жасанды кедергілер қойылды

 

 

Бүгінде жүргізушілердің ұқыпсыздығынан жол көлік оқиғаларының жиіліеп кеткені рас. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол белгілерінің де алар орны ерекше. Жол-көлік оқиғаларын алдын алудың негізгі факторларының бірі — жол белгілері мен сызықтардың (разметка) тиісті Ережелер мен стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету болып табылады. Осы бағытта жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Састөбе кенті мен Ынтымақ ауылында жол белгілері жаңаланды, тіпті кейбір көшелерге қажеттілігіне қарай «жасаңды бұдырлық» жол кедергісі қойылды.

Осылайша жол қозғалысына қауіп төндіретін кемшілік жойылды. Бейбіт күнде жол бойында болатын апаттардың алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз іске асырыла бермек.

 

 

 

419 қаралым