Жарияланды: 01.12.2022

Консилиум түрінде жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы өтті

 

 

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің  «Бала құқығы-адам құқығы» атты іс-шара жоспарына сай, Амангелді атындағы жалпы орта мектебінде «Құқығым бар» тақырыбында оқушылар эссе жазды. С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектеп базасында Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау, зиянды заттарға құмарлыктың алдын алу мақсатында орталық емхана мамандары терапевт дәрігер А.Құнанбай,

психолог маман М.Көпбаева, Салауатты өмір салтын сақтау дәрігері Р.Нуралиева, балалар психиаторы М.Сүлейменовтың және Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері Ұ.Мұратбек, Н.Оразымбетованын қатысуымен 8.9.10 сынып оқушыларымен кездесу, кеңес беру жүмыстары жүргізілді. Оқушылар кездесуге белсене қатысып, мамандардан өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды

Сондай-ақ,  Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінде «Мектеп, ата-ана, бала арасындағы байланыс» тақырыбында І тоқсан қорытындысы, қыз балалар тәрбиесі, тұрмыстық зорлық — зомбылық, міндетті мектеп формасы бойынша ата-аналар жиналысы жаңа форматта «консилиум» түрінде өткізілді. Консилиум түрінде өткен жаңа форматтағы ата-аналар жиналысында мектеп директоры Ж.Тамен І оқу тоқсанының қорытындысымен таныстырды. Мектеп психологы С.Тұяқбай қыздардың келеңсіз жайларға ұрыну оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндру жұмыстарын жүргізіп, зорлық зомбылық, үйдегі берекесіздіктің алдын алу аясында тренинг ұйымдастырды.

Жиналыс барысында міндетті мектеп формасы талаптарын орындау туралы айтылып, оқушылардың қысқы маусымдағы формасы жөнінде пікір алмасты.

Пән мұғалімдері ата-аналарға балаларының білімдері туралы мәліметтер беріп, жекелей ата-аналарға І тоқсан бойынша талдау қорытындысын көрсетті. Ата-аналар жаңа форматта өткен ата-аналар жиналысына өз ризашылығын білдірді.

 

817 қаралым