Жарияланды: 01.12.2022

«Есіңе ал және ойлан!» ұранымен қоғамдық акциясы басталды

Жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні аясында, ҚР ІІМ тапсырмасымен «Қауіпсіз жол жүрісі апталығы» мен «Есіңе ал және ойлан!» ұранымен қоғамдық акциясы басталды.

Осыған орай Түркістан облысы ПД-ның «Инстаграм» және «Фейсбук» ресми парақшаларында тікелей эфир өткізілді. Оған спикер ретінде Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков пен Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бегімхан Ахметов қатысты.

Брифингке спикер ретінде қатысқан полицейлердің айтуынша, акция аясында жол апатын болдырмау мақсатындағы сан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Статистикаға сүйенсек, облыста 2022 жылдың 10 айында 627 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 273 адам қаза тауып, 702 адам жарақат алған.

Сондай-ақ брифинг барысында әлеуметтік желі қолданушылары белсенділік танытып, 20-ға жуық сауалдарын жолдады. Бұл сұрақтарға полиция мамандары дер кезінде жауап беріп, желі қолданушыларының алғысын алды.

Осы орайда тәртіп сақшылары барша жолаушылар мен жүргізушілерді әрқашан жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырып отыр.

 

385 қаралым