Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Далабазар» жалпы орта мектебінде «Ынтымақтастық, бірлік мақсатқа жетелейді» атты психология апталығына орай іс- шара ұйымдастырылды. Апталықтың мақсаты — психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, ауызбіршілікті, ынтымақтастықты қалыптастыру, ұжымда бір-бірін қолдау, Бала тәрбиесінде мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту, отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету. Күтілетін нәтиже — жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық пен құқықбұзушылық, зорлық -зомбылық, ерте жүктілік мәселесін болдырмау, жеке тұлға қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін көрсете отырып, салауатты өмір сүруге қызығушылықтарын оятады. Сондай-ақ, бұдан бөлек, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 11.11.2022 жылдың №27-08-07/336 санды хатына сәйкес Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Далабазар» жалпы орта мектебінде 2022 жылы 10-20 қараша аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты онкүндікті өткізу бойынша «Бақытты ана — бақытты бала — бақытты ел» — атты шара өтті. Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет іске асыратын іс-шаралар туралы хабардар ету мақсатында көп балалы аналармен, ата-аналар қауымдастықтарымен кездесу ұйымдастырылды.