Шымкенттегі №1 қалалық емхана ұжымы әрдайым игілікті істердің бастамашысы іспетті. Қоғамда орын алып жатқан, еліміз үшін маңызды іс-шаралардың басынан табылады. Жуырда ғана емхана ұжымы Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның үгіт-насихат жұмысына белсене атсалысты. Еңбектері еш кеткен жоқ. Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Ерлан Қошановтың алғыс хатымен марапатталды.
Халық денсаулығын сақтауда аянбай тер төгіп жүрген ақ халатты абзал жандар уақыттан таршылық көріп жүрсе де, қоғамдық жұмыстан ешуақытта да шет қалған емес. Осыған орай, алған алғыстары да осал емес.
«Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның үгіт-насихат жұмысына белсене атсалысқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Тарихи таңдау жасалатын тұста Әділетті, Қуатты Қазақстанды құру жолын таңдап, айқын азаматтық ұстаным таныттыңыз. Сізге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел мұраты жолындағы қызметіңізге толайым табыс тілеймін», — делінген Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Ерлан Қошанов жолдаған алғыс хатта.
Аталмыш марапатқа №1 емхана бас дәрігерінің орынбасары Ерлан Мелдебеков, кадр бөлімінің меңгерушісі Фания Сагитова, дәрігерлер Наурызбай Көшеров, Ғани Атенов, Жомарт Сарабеков, Нұржан Байходжаев, Оңғар Әсілбек, Қайрат Жайлаубаев, Жандос Әуелов, Медетбек Жандарбек, Дәулет Мақұлбековтер ие болды.