Жарияланды: 04.08.2018

Дамуға соны серпін беретін бағдарлама

Бүгінгі таңда елімізде индустриалды -инновациялық даму бағдарламасы іске асырылуда. Оны  жүзеге асыру үшін жоғары технолгиялы өндірістік желілерін ашу және жоғары білікті шебер мамандарды қалыптастыру талабы қойылды. Сондықтан да бүгінде кәсіптік білім беретін орта буынды мамандар даярлайтын кәсіптік лицейлерге көптеп көңіл бөлініп отыр. Оның үстіне техникалық мамандықтарға деген жастардың қызығушылығы артып келеді. Бүгінде Түркістан облысында 2017-2018 оқу жылында 94 (43 мемлекеттік, 51 жекеменшік) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 74176 студент білім алуды. Оның ішінде 34592 студент мемлекеттік тапсырыспен оқыды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде білім беруді дамыту, соның ішінде техникалық-кәсіптік мамандарды даярлауға үлкен мән беріп отыр. «Қазақстан–2050» стратегиясының негізгі басым міндеті елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып,  бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау болып табылады. Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім саласында  шығармашылық-инновациялық жобалық көрмелер жиі ұйымдастырылып тұрады. Онда жастар алған білімдерін сарапқа салудан бөлек өздері қолдан жасаған инновациялық жобаларын да көпшілік назарына ұсынады. Аталмыш оқу орындарында білім алған жастар еліміздің дамуына соны серпін беретін индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасына қарқынды  үлес қосады деген сенім басым.

Балауса Айымбетова

969 қаралым