Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Мәжіліске аудан әкімі, аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасы Төлеген Телғараев төрағалық етті.
Жиынның күн тәртібінде көрсетілгендей, ауданның құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың статистикалық мәліметіне байланысты ұрлық, бөтеннің мүлкін ұрлаудың, алаяқтылықтың, профилактикасына бағытталған іс-шараларды іске асыру, оларды шешу жолдары тақырыбы бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Теңізбаев Бексейіт баяндады.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қоғамдық орындар мен көшелерде құқықтық тәртіпті күшейту жүйелері туралы. аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Бексейіт Жансейітұлы хабарлама жасады.
Ұлтаралық қақтығыстарға жол бермеу мақсатында уәкілетті органдармен бірлесе проблемалық ошақтарды анықтау және оны алдын-ала шешуге бағытталған іс-шаралар жүргізу жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абдиев Ж хабарлама жасады.
Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар, маскүнемдік пен алкоголизм профилактикасы және азаматтық қоғам инситуттарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бейсебаева Рабиға баяндама жасады.
Жиын барысында қаралған мәселелер бойынша хаттамалық шешім түзіліп, жұмысты жандандыру тапсырылды. Бұдан бөлек, әкім қылмысты болдырмау үшін жасақталаған алдын алу іс-шаралардың тиімділігін зерделеп, жаңа әдіс-тәсілдерді әзірлеу бойынша тапсырмалар берді. Сондай-ақ, ол жиын барысында айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерді хаттамаға енгізіп, оң нәтижелі жұмыстарды атқаруды тапсырды.