Жарияланды: 11.05.2023

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА ХАЛЫҚ САНЫ 31,6 МЫҢ АДАМҒА ӨСТІ

Түркістан облысында 2023 жылғы қаңтарда-наурыз аралығында құрылыс жұмыстарының көлемі 31,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 117,9%-ды құрады. Тұрғын үй құрылысына 20,2 млрд. теңге салынған. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 120,2 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңі бойынша 105,5%-ды көрсетті.
2023 жылғы қаңтар-ақпанда Түркістан облысының өзара сауда көлемі 25,3 млн. АҚШ долларын құраса, 2023 жылдың 1 сәуіріне мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі 119,2 млрд. теңгеге жетіп, 109,4% орындалып отыр.
Өңірдегі инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, өмір сапасын арттыруға септігін тигізуде. 2023 жылғы 1 наурызда халық саны 2124,5 мың адамды құрады. Яғни, 2022 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда 31,6 мың адамға немесе 1,5%-ға өсті.
2022 жылғы ІV тоқсанда облыс халқының бір айда орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 84 831 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға артқан.
419 қаралым