Жарияланды: 13.05.2023

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұстафа Капуджуны қабылдады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұстафа Капуджуны қабылдады.

Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

М. Нұртілеу қазақ-түрік қатынастарының үлгілі сипатын атап өтіп, сауда-экономикалық ықпалдастық пен өндірістік кооперацияны одан әрі нығайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қажеттілігін мәлімдеді.

Өз кезегінде М. Капуджу екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық қатынастарды нығайтуға үлес қосуға дайындығын растады.

Тараптар бірлескен халықаралық іс-шараларға дайындықтың барысын да талқылап, Түркі мемекеттері ұйымы шеңберінде тығыз ықпалдастықты жалғастыруға өзара мүдделігін білдірді.

273 қаралым