Жарияланды: 13.05.2023

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Америка Құрама Штаттарының Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Америка Құрама Штаттарының Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады.

Тараптар қазақстандық-америкалық әрекеттестіктің өзекті мәселелері мен перспективалары бойынша пікір алмасты, сондай-ақ халықаралық күн тәртібі мен алдағы іс-шаралар кестесін талқылады.

Министр екіжақты және көпжақты форматтардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары динамикасына қанағат білдіріп, саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі белсендету маңыздылығын баса атап өтті.

«АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің 2023 жылғы ақпанда өткен Қазақстанға сапары Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы екіжақты серіктестікті күшейтуге елеулі серпін берді», – деді М. Нұртілеу.

Америкалық дипломат Қазақстанның қоғамдық-саяси жүйесін демократияландыруға және «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын АҚШ қолдайтынын растады.

Сұхбаттастар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және дамытуға әзірлік танытты.

 

371 қаралым