Жарияланды: 13.05.2023

Қазақстан Елшісі Алжир Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шариф «Мурадиа» сарайында Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Әбделмәжид Теббунге Қазақстанның Алжирдегі Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде сенім грамоталарын табыстады.

Салтанатты рәсімнен кейін өткен кездесу барысында Елші Алжир басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, елімізде Қазақстан мен Алжир арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, оның ішінде сауда-экономикалық және көліктік-логистикалық өзара іс-қимылды жандандыруға зор мән беріп отырғанын хабарлады.

Қазақстандық дипломат Ә. Теббунге Әділетті Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды таныстырды. Өз кезегінде Алжир Президенті Қазақстан басшылығы жүргізіп жатқан оң өзгерістерге жоғары баға берді.

320 қаралым