Жарияланды: 20.05.2023

22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен Сингапур Президенті келеді

22 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қатынастар қарқынды дамуда.

Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 30 наурызда орнатылды.

2003 ж. қарашада Сингапурда ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылып, ол 2008 ж. 11 желтоқсанда ҚР Елшілігі болып қайта құрылды.

2017 жылдан бастап «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Сағынәліұлы Омарқожаев ҚР-дағы Сингапурдың Құрметті консулы болып табылады.

2019 ж. 6 маусымнан бері Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі –  Әркен Кеңесбекұлы Арыстанов.

2014 ж. 28 мамырдан бері резиденциясы Сингапурда орналасқан Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі – Зулкифли бин Бахарудин.

Саяси ынтымақтастық

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың СР (1996 және 2003 жж.) және Сингапурдың Бірінші Премьер – Министрі Ли Куан Ю Қазақстанға (1991 ж. қыркүйек — аға министр лауазымында) ресми сапарлары саяси диалогтың негізін қалап, екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын анықтады.         

Саяси диалогты қолдау және тереңдету үшін ҚР Үкімет басшыларының (2010 ж. қазан, 2015 ж., 2018 ж. қараша) Сингапурға сапарлары, сондай-ақ Сингапурдың Премьер-Министрі, Құрметті аға министрі Го Чок Тонгтың
Қазақстанға сапары өтті (2016 ж. қыркүйек).

2016 ж. 11 шілдеде Астана қаласында бірінші Қазақстан-Сингапур арасындағы саяси консультациялар өтті және оның қарсаңында cыртқы істер министрлері деңгейінде сапарлар жасалды.

2021 ж. 11 қаңтарда Нұр-Сұлтан қ. Қазақстан мен Сингапур сыртқы саяси мекемелері арасында видеоконференц-байланыс форматында саяси консультациялар өтті.

2021 ж. 21 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ БА 76-шы сессиясы шеңберінде СР Сыртқы істер министрі В. Балакришнанмен кездесу өткізді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2021 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауарайналым 1,14 млрд. долл. құрады (+936%). Оның ішінде Қазақстанның экспорты – 1,1 млрд. долл.
(+1352%), импорт – 46,7 млн. долл. (+32,1%) құрады. Экспорттың негізгі тауарлары: мұнай өнімдері, қара және түрлі-түсті металдар.

Импорттың негізгі тауарлары: химиялық өнімдер, құрал жабдықтар, электроника.

2010-2021 жылдар аралығында Сингапурдан ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 974,2 млн. долл. құрады. 2021 жылдың 9 айы бойынша ҚР-ға сингапурлық инвестициялар минус 32 млн. долл. құрады.

2021 ж. желтоқсандағы ақпарат бойынша Қазақстанда сингапурлық капиталдың қатысуымен 119 кәсіпорын қызмет атқарады. 

Алматы қаласының жанында «G4 City» ірі  инфрақұрылымдық жобасы «Surbana Jurong Group» сингапурлық компаниясымен іске асырылуда.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2012 ж. бастап «Назарбаев Университеті» мен Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебі арасында «ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісім» жұмыс істейді. Мемлекеттік саясат мектебі «Назарбаев Университетінің» стратегиялық серіктесі мәртебесіне ие.

Жыл сайын 100-ге жуық қазақстандық студенттер Сингапурдың жоғары оқу орындарында, соның ішінде «Сингапур Ұлттық университетінде», «Наньянг технологиялық университетінде», «Джеймс Кук» университетінде, Сингапурдағы «Менеджментті дамыту» институтында, «Каплан Сингапур» және тағы басқаларында білім алуда.

2016 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп Қазақстанда «Management Development Institute of Singapore» (MDIS) филиалын құру, білім беру саласындағы ірі жобалардың бірі болып табылады.

ҚР-да «Kinder World» компаниясымен білім беру орталықтары ашылу мәселесі пысықталуда.

Мемлекет басшысы 25 мамыр күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.

 

257 қаралым