Жарияланды: 20.05.2023

Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықта кедендік реттеу мәселелері Литваның Қаржы министрімен талқыланды

Қазақстан Елшісі Тимур Оразаев пен Литва Қаржы министрі Гинтаре Скайсте екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен кедендік бақылау саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Т. Оразаев ҚР Үкіметінің санкция мәселелері контекстіндегі қызметі, Литва мен Қазақстан арасындағы сауда ағындарын кедендік реттеуді бақылауға, Еуропадан Азияға транзитті қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге қатысты шаралар туралы хабардар етті. Сонымен қатар ол қазақстандық тараптың жүк тасымалы саласындағы ақпарат алмасу бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

Өз кезегінде Г. Скайсте Литва үкіметінің Еуропалық одақтың санкциялық саясаты контекстіндегі қадамдары және кеден органдарының жұмысындағы кейбір өзгерістері туралы айтты.

Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастық нысандарын жетілдіру мақсатында тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.

209 қаралым