Жарияланды: 20.05.2023

Қазақстан мен Молдова инфрақұрылымдық жобаларда ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Инфрақұрылым және өңірлік даму министрі Лилия Дабижамен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. А. Айдарбеков сұхбаттасын Қазақстандағы саяси қайта құрулар мен әлеуметтік-экономикалық даму туралы хабарландырды.

Өз кезегінде Л. Дабижа басқарып отырған Министрліктің жүзеге асырып жатқан жобалар туралы айта отырып, соның ішінде қазақстандық тараптың қатысуымен Молдова темір жолдарының стратегиялық учаскесін жаңғыруына тоқталды. Сонымен қатар ол осыған ұқсас басқа да жобалар бойынша ынтымақтастықтың перспективалары бар екені туралы, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Молдованың астанасында, сондай-ақ өңірлерде де қатыса алатын басым инфрақұрылымдық жобалар туралы хабарлады. Бұл ретте Министр қазақстандық инвесторларды жолдар мен әлеуметтік саланың объектілерін салу жөніндегі жобаларға қатысуға шақырды.

Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын ілгерілетуге, сондай-ақ логистиканы дамытуға ерекше назар аударды.

Кездесу нәтижесі ретінде тараптар тұрақты кездесулер өткізуге және өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға келісті.

227 қаралым