Жарияланды: 21.05.2023

Дінаралық келісімнің қазақстандық моделі Болгария дінбасыларының назарында

Қазақстанның дінаралық келісім мен конфессияаралық диалогты қолдау саласындағы мемлекеттік саясатымен таныстыру мақсатында ҚР Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның басты дінбасылары – Болгар патриархы Неофитпен, Болгарияның бас мүфтиі Мұстафа қажымен және Орталық израильдік рухани кеңестің төрағасы Максим Делчевпен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында қазақстандық дипломат сұхбаттастарды этносаралық және конфессияаралық диалог қоғамының бірегей моделімізбен, сондай-ақ елімізде ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту және азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын сақтау бойынша жүргізіліп жатқан саясатпен таныстырды.

Сонымен қатар В. Темірбаев 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезінің нәтижелері туралы айтып, қабылданған Қорытынды декларацияның ережелеріне, атап айтқанда қазіргі заманның өзекті мәселелерін, оларды шешудің мүмкін жолдарын, қауіпсіздік пен үйлесімділік үшін күш-жігерді біріктіруге, төзімділік пен мейірімділікті танытуға, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогты кеңейтуге егжей-тегжейлі тоқталды. Елші әлемнің әртүрлі діни қауымдастықтары белгілеген жалпыадамзаттық және әмбебап құндылықтардан тұратын осы Декларацияның практикалық маңыздылығын ерекше атап өтті.

Өз кезегінде болгар дінбасыларының өкілдері Қазақстан басшылығының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу жөніндегі бастамасына үлкен мән берді, сондай-ақ мұндай іс-шаралар бейбітшілік пен келісіммен танымал Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем және адамзатқа маңызды жолдау беретін бейбітшілікті, келісімді және дінаралық диалогты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

373 қаралым