Жарияланды: 25.05.2023

Астанада Қазақстан-Беларусь Сыртқы істер министрлік аралық консультациялары өтті

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде екіжақты шарттық-құқықтық базаны түгендеу бойынша сарапшылардың Қазақстан-Беларусь сімаралық консультациялары өтті.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында 1991 жылдан 2023 жылға дейінгі қол қойылған екіжақты мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдердің тізбесін қарастырып, өзара мүдделі халықаралық құқықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесуге қатысушылар консультациялар механизімінің тиімділігін ескере отырып, Қазақстан мен Беларусь арасындағы заңнамалық базаны түгендеу және жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылдады.

204 қаралым