Жарияланды: 07.08.2018

Өзгеше сұрыпқа сұраныс мол

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында шаруа қожалықтарының қатары артып келеді. Жылыжай шаруашылықтары да көп. Ауданда гүл өсірумен айналысатын да шаруа қожалықтары бар. Жыл бойы өнім өткізетін шаруашылықтар тіпті роза гүлінің сабақтарын да сатады. Оны иіссу өндіретін компаниялар сатып алады… Аудандағы «Сүндет ата» шаруа қожалығы биыл мол астық жинаймыз деп жоспарлап отыр. Ерте көктемде қырыққабат егіп, оны жергілікті базарларда саудалайды. 4 гектарға егілген қырыққабаттың «Фараон» сұрыпын биыл Алматы мен Астанаға да жөнелтті. Өтімділігі жақсы. Сондықтан да алдағы уақытта қырыққабат егетін аумақты үлкейтуді көздеп отыр. Ерте пісетін өнімнен биыл 112 мың тонна өнім алынды. Оның 86 мың тоннасы экспортталды. Түркістан облысы бойынша 105,7 мың тонна өнім экспортталған болса, оның 67,4 мың тоннасы Сарыағаш ауданына тиесілі. 112 тыс. тонн капусты, из которых 86 тыс. тонн экспортировано. Бұдан бөлек «Роза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде жылыжай шаруашылығының көсегесін көгертіп отыр. Тамшылатып суғару әдісімен 1 гектарда қызанақ өсіреді. Ірі әрі дәмді болып келетін қызанақтың бұл сұрыпына деген сұраныс та жоғары. Әсіресе қысқа дайындық жасайтын күз айларынада консервілеу маусымында сұраныс тіптен артады.

967 қаралым