Армения астанасы Ереван қаласында еркін күрестен «Stepan Sargsyan Cup» халықаралық турнирі өтті.
Аталған сайыста Келес ауданының спортшысы Асылжан Есенгелді 61 келі салмақта бақ сынап, турнир чемпионы атанды. Байрақты бәсекеге әлемнің 10 елінен 130 спортшы қатысты.
Спортшының жаттықтырушысы Мақсат Бекбаев Асылжаннан жетістіктерімен еліміздің мерейін асқақтатып жүргендігін және алда да үлкен үміт күтетіндігін айтты.
Есенгелді Асылжан Есболұлы 2001 жылы Түркістан облысы Келес ауданы, Біртілек елді мекенінде дүниеге келіп, Республикалық мамандандырылған спорт мектебінің түлегі атанған. Бүгінге дейін жерлесіміз әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін вице чемпионы, Қазақстанның 5 дүркін чемпионы болды.
Жетістіктерімен еліміздің мерейін көтеріп жүрген жас спортшының алдағы арманы — Олимпиада ойындарында бақ сынап, жеңіс тұғырынан көріну.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі