Жарияланды: 10.06.2023

Қазақстан-Қырғызстан консулдық саладағы консультациялары туралы

 Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасында екі елдің құзыретті органдарының қатысуымен консулдық саладағы консультациялар өтті.

Қазақстандық делегацияны СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Руслан Амангелдин, қырғыз делегациясын СІМ Консулдық департаментінің директоры Алмаз Букалаев басқарды.

Кездесу барысында тараптар екі мемлекет азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған өзара іс-қимылдарды, консулдық-құқықтық саладағы екіжақты және көпжақты келісімдерді іске асыру бойынша өзекті мәселелерді, сондай-ақ күн тәртібіндегі басқа мәселелердің қатарында екі елдің аумағында қамқорлықсыз қалған балаларды қайтару әдістерін жетілдіру мен азаматтардың болу тәртібіне қатысты мәселелерді талқылады.

Консультациялардың нәтижесі бойынша тараптар консулдық қатынастардың ауқымды аясы бойынша одан әрі ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ консулдық және басқа да мәселелер бойынша екіжақты байланыстарды тұрақты негізде нығайтуға дайын екендігін атап өтті.

198 қаралым