Жарияланды: 12.06.2023

Қазақстан мен Өзбекстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті.

Өзбекстан СІМ басшысы Абай облысындағы ауқымды өрттердің салдарынан адам шығынына байланысты Қазақстан халқына қайғырып көңіл айтты, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына жанашырлық пен қолдау білдірді.

Сонымен қатар сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және алдағы іс-шаралар кестесін талқылады.

192 қаралым