Жарияланды: 10.08.2018

Өнеркәсіп өнімі артқан

Облыс орталығы болған Түркiстан қаласында кәсiпкерлiктi, ауыл шаруашылығын және туризмдi дамытуға баса мән берiлмек. Әсiресе, өнеркәсiп жетекшi салаға айналуы тиiс. Себебi, жаңа өндiрiс орындары ашылса ғана жұмыссыздық азаймақ. Бүгiнде Түркiстандағы индустриалды аймақта түрлi жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында индустриалды аймақтағы кәсiпорындардың өндiрген өнiм көлемi 343,3 млн теңгенi құраған. Ағымдағы жылдың 3 айында өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 4331,2 млн теңге болып отыр. Мәселен, индустриалды аймақта орналасқан жиһаз фабрикасында күн сайын ас бөлмеге және жатын бөлмеге қажеттi 100 гарнитур шығарылады. Ал, жылына 30-35 мың гарнитур шығаруға мүмкiндiк бар. Алдағы уақытта мұндай кәсiпорындар саны көбейедi. Қала әкiмi Әлiпбек Өсербаевтың айтуынша, шаһарда өндiрiстi дамыту бағытында жоспар түзiлiп, ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Облыс орталығындағы индустриалды аймақ аумағы 300 гектарға ұлғайып, онда заман талабына сайы зауыттар мен фабрикалар салынады деп күтiлуде. Қазiргi таңда шетелден инвестор тарту жұмыстары жүйеленiп жатыр.

“Түркiстан-ақпарат”.

930 қаралым