Жарияланды: 10.08.2023

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы Абай ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтары қойылды. 10 тамыз – Абай күніне орай облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен бірқатар шаралар өткізу жоспарланған. Оқушылар сарайы алдындағы ескерткіштен бастау алған шара әрі қарай кітапханада өтетін «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы басқосуға ұласады.
Күні бойы басқармаға қарасты мекемелердің әлеуметтік желі парақшаларында бейнероликтер мен поэзиясы жарияланады. Кітапханашылар тарапынан «Абайды оқы, орында!» тақырыбында қала тұрғындары арасында сауалнама болады.
Абай күні осыдан 3 жыл бұрын, яғни 2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген болатын. Бұл күн – елді бірлікке шақыратын, адамгершілікке үндейтін, бірін-бірі дос тұтатын қастерлі күн!
332 қаралым