Жарияланды: 13.01.2024

Президент реформасы-жаңашылдықтың бастауы


Президент реформасы –еліміздің саяси өміріне көптеген өзгерістерімен, жаңа бастамаларымен келер күнге үміт ұялатып отырғаны жасырын емес. Әділетті Қазақстан құруға бет бұрған қазақ елінің ендігі ұраны – ашықтық. Уақыт өткен сайын құндылықтар айқындалып, мемлекет дамуы үшін қажеттіліктер айқындала бермек. Сонымен қатар, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш өзінің қызметтік лауазымына келгеннен кейін, бірден елді демократияландыруды қолға алды, билікке халықтың жақындауын басты мақсат етті, «Халық үнін еститін мемлекет» тұжырымдамасы арқылы бүгінгі күні елдің үнін, тілегін, ниетін жоғары билік құрылымы еститін болды.
Уақыт әлемдегі геосаяси ахуалды сәт сайын өзгертіп, арнасын басқа жаққа бұруда. Халықаралық қатынастар, қоғамдық құндылықтар, әлеуметтік, адами байланыстар бастарынан үлкен сынақты өткізуде. Осындай тарихи, жауапты кезеңде, ортақ мүдде мен мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт келді.Президент реформасын жүзеге асыру мақсатында жұмылып, бір кісідей атсалысуымыз қажет.
Жалпы елдегі саяси, экономикалық реформалардың барлығы мемлекеттің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын күшейтуге, адами капиталды арттыруға, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің қалыптасуына, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, Қазақстандықтардың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатыр. Президент реформасы-жаңашылдықтың бастауы, жаңа бастамалар, жаңа жоспарларға серпіліс беріп, олардың іске асуына жетелейді.

Нұрмахан МӘУЛЕНОВ,
Арыс қалалық орталық ауруханасының дәрігер-хирургі

1 098 қаралым