Жарияланды: 20.02.2024

Жүк көліктерінің бөлшектерін жымқырған жігіт ұсталды

фото ТО ПД

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сайрам аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасауға қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы жігітті анықтады.

 
Күдікті күндізгі уақытта бөтеннің жеке мүлкіне қол сұғып, жүк көлігінің әртүрлі 20-дан астам бөлшегін ұрлаған. Ұрланған затты ол машинаға тиеп, металды қабылдау пунктіне сатып жіберген. Жәбірленушіге 1,5 миллион теңге шығын келтірген.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары күдіктінің дәл осыған ұқсас тағы бір жайтқа қатысы бар екенін анықтады.
 
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
937 қаралым